Ұлттық инклюзивті ойындар «ЖҰЛДЫЗАЙ-2026» облыстық жарысы аясында мектебіміздің оқушылары спорттық сайыстарға қатысты.
Жарыстың негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға деген қызығушылығын арттыру, спорттық қабілеттерін дамыту, жеңіске деген жігерін қалыптастыру және спорттық рухын нығайту.
Мектебіміздің намысын Әубәкір М., Тоқтасын М., Кусайнов С., Төребаев А. және Ильченко Д. қорғады.
Спортшыларымыз жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
Асық ату — мектебіміздің командасы 1-орын иеленді!
Үстел теннисі — Әубәкір М. 1-орын иеленді!
30 метрге жүгіру — Ильченко Д. 1-орын иеленді!
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Алға — жаңа жеңістер мен республикалық деңгейдегі жетістіктерге!

В рамках областных соревнований Национальных инклюзивных игр «ЖҰЛДЫЗАЙ-2026» учащиеся нашей школы приняли участие в спортивных состязаниях.
Игры направлены на повышение мотивации детей и подростков к здоровому образу жизни и занятиям спортом, развитие спортивных талантов, формирование воли к победе и укрепление спортивного духа.
Честь нашей школы защищали учащиеся Әубәкір М., Тоқтасын М., Кусайнов С., Төребаев А. и Ильченко Д.
Наши спортсмены показали отличные результаты!

Асық ату — команда нашей школы заняла 1 место!
Настольный теннис — Әубәкір М. занял 1 место!
Бег на дистанции 30 метров — Ильченко Д. занял 1 место!
Поздравляем наших спортсменов с отличными результатами! Желаем новых побед, уверенности и высоких достижений!
Вперёд — к новым вершинам и республиканскому уровню!