Мектепте «Шабыт» жобасы аясында домбыра күніне орай «Домбыра – асыл мұра» атты іс- шара ұйымдастырылды. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыра отырып, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны құрметтейтін, қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткен іс- шара тәрбиелік мәні терең, әрі қызықты болды. Оқушылар іс- шараға белсенді қатысып, өнерлерін ортаға салды.