2024 жылдың 26 наурызында Қарағанды облысының арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 12-ші кәсіподақтық облыстық спартакиадасы: ҚОББ «№ 6 арнайы мектеп-интернаты» КММ, ҚОББ «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ, ҚОББ «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ арасында өткізілді. Спартакиада спорттың волейбол, теннис, шахмат, тоғықұмалақ түрлері бойынша өтті. Орындар келесідей бөлінді: 1 орын ҚОББ «№ 6 арнайы мектеп-интернаты» КММ 2 орын ҚОББ «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ 3 орын ҚОББ «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету орталығы» КММ. Барлық ойыншыларға бағалы сыйлықтар, грамоталар, алғыс хаттар және ақшалай сыйлық табыс етілді. Өтпелі кубок ҚОББ «№6 арнайы мектеп-интернаты» КММ-не бұйырды. Марапаттау рәсімін: Қарағанды облыстық кәсіподағының төрағасы Ракишева Алмагуль Айтказиевна, бас есепші Шляхова Любовь Николаевна және заңгер Гасанов Латиф Шахмерденович жүргізді. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! 26 марта 2024 года была проведена

Басқа жаңалықтар / Другие новости