2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, 2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің № 355 «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – бұйрық) Қарағанды облысының білім басқармасы «Таңшолпан» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» Қамқоршылық кеңестері құрамын қайта қалыптастыру бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

Бұйрықтың 2 – тарауының 6) тармағына сәйкес кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңесі мүшесіне үміткерлердің жазбаша келісімі келіп түскен ұсыныстардың негізінде құрылады. Осыған байланысты тиісті ұсыныстарыңызды о.tokubaeva@karaganda-region.gov.kz электронды мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз. Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (7212) 41-22-41.